Бесқарағай аудандық сотымен 2017 жылдың 7 айындағы нәтижелері қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотында «Бесқарағай тынысы» аудандық газетінің арнайы шақырылған тілшісі Л. Шахворостованың қатысуымен 2017 жылдың 7 айында атқарылған жұмысының нәтижесін қорытындылау мақсатымен сот төрағасы А.С.Калиевтың төрағалық етуімен баспасөз мәслихаты өткізілді.

Сот төрағасымен ұйымдастырылған осы іс-шараға кеңсе меңгерушісі М.Алимханова және соттың кеңсе мамандары қатысты.

А.Калиев қылмыстық және азаматтық істер бойынша статистикалық мәліметтер келтірді. Сонымен қатар, келісім өндірісімен қаралған істердің, қылмыстық істерді қарау кезінде жазалау іс-тәжірибесі, қамауға алуды санкциялау, пробация органының ұсынысы бойынша қаралған материалдар туралы мәліметтер ұсынылды.

Осыдан соң, сот төрағасының міндетін атқарушы А.Калиев «Бесқарағай тынысы» газетінің тілшісі Л. Шахворостованың баспасөз мәслихатының тақырыбына байланысты қойылған сауалдарына жауап беріп, 2017 жылдың 3 тоқсандығына жоспарланған «баспасөз мәслихаттары», «дөңгелек үстелдер», «ашық есік күні» сияқты іс-шаралары туралы хабарлап, осы іс-шараларға үлес қосып, қатысуларына өтініш білдірді.

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі