Бала құқығын қорғаудың мәжбүрлі амалдарының бірі - ата-ана құқығын шектеу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының шешімі бойынша «Күршім ауданының білім беру бөлімі» ММ-нің азаматша Н-дан кәмелетке толмаған балалар 2009 жылы туған Р-ға және 2011 жылы туған В-ға  қатысты ата-ана құқығын шектеу және алимент өндіріп алу туралы талап арызы қанағаттандырылды.

Іс материалдарына сәйкес, анасы жас балаларын тәрбиелеуден жалтарған. Жаупкерді ата-аналық құқығынан шектеуге оның алкоголь ішімдіктерін үнемі ішуі және балаларды қараусыз қалдыруы негіз болған.

Ата-ана құқығын шектеудің алты айлық мерзімі бар, ол мерзім өткен соң тәртібінің және баланы тәрбиелеу көзқарасының өзгеруі туралы дәлелдердің негізінде анасы ата-ана құқығын қалпына келтіру туралы талап арыз бере алады.

Қазіргі таңда сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

 

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі