Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Абай аудандық сотында талапкер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның жауапкер Т.-ға қатысты берешекті кепілдегі мүлікпен өндіру туралы азаматтық ісі медиация тәртібімен қысқартылды.

Іс материалдарынан, талапкер мен борышкер Н.-ның арасында 2014 жылдың тамыз айында несие беру шарты жасалған. Кепіл шарты бойынша жауапкер Т.-ға тиесілі тұрғын үй жай жер учаскесімен қамтамасыз етілген. Алайда сол жылы борышкер кенеттен қайтыс болады. Талапкер сотқа борышкердің берешек сомасының қайтарымы ретінде кепілге қойылған мүлікті өндіруге сотқа жүгінген.

Сот отырысы кезінде тараптар өзара медиациялық келісімді ұсынды. Келісімге сәкес, жауапкер өзінің марқұм ұлының берешек сомасының негізгі бөлігін кестеге сай, 2019 жылдың наурыз айына дейін өтейді, ал талапкер өзінің талаптарынан бас тартады.

Сот ұйғарымымен азаматтық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты өндірістен қысқартылды.

Ұйғарым  заңды күшіне енген жоқ.

 

Абай аудандық сотының

баспасөз қызметі