Азаматтық іс дауды реттеу туралы келісім негізінде шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер Ж. жауапкер А-дан қарыз ақшасын өндіру туралы талап арызбен Тарбағатай аудандық сотына жүгінді. Талап арызда  белгіленген мерзімге дейін жауапкер 800 000 теңгені  қайтаруға міндеттенгенін көрсеткен, алайда қарыз ақшаны қайтару жөніндегі қол хат орындалмауына байланысты талапкер жауапкерден 800 000 теңге қарызын және сот шығындарын баж төлемі үшін төленген 8 000 теңгені өндіріп беруді сұраған.

Соттың 2016 жылдың 13-қаңтардағы ұйғарымымен АПК-нің 148, 149-баптарының негізінде істі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарау жөнінде ұйғарым қабылданған. Ұйғарымның көшірмесі жауапкерге жіберіліп, он бес жұмыс күнінің ішінде талап арызға пікір беру үшін мерзім берілген. Алайда жауапкер тарапынан, талап арызға пікірмен қоса мәлімделген талаптың мәні бойынша түсініктемелер және өз ұстанымы негізделген қарсылықтарды қамтитын құжаттар ұсынылмады. 

Сот ұсынылған құжаттар бойынша дәлелдерді зерттей келе, келесі қорытындыға келеді.

Азаматтық іс бойынша тараптар өзара кәсіби емес медиатор Ж.Маханованың қатысуымен дауды (дау-шарды) өзара реттеп, дауды реттеу туралы татуласу келісімі жасалды. Келісім бойынша жауапкер А. өз еркімен талапкер Ж-ға ағымдағы жылдың 30-шілдесіне дейін 100 000 теңгені  төлеп беретінін, қалған қарызды  ағымдағы жылдың 30-қыркүйегіне дейін төлеп береді.   

Сот медиация тәртібіндегі келісімді бекітіп, Ж-ға төленген мемлекеттiк баж сомасы 8 000 (сегіз мың) теңге төлемі мемлекеттік бюджеттен талапкерге қайтару туралы шешім шығарды.

Сот актісі заңды күшіне енбеген.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі