Айыптау үкімі шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 297-бабының, 3-бөлігі 1,3-тармақшасымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты) сотталған П және В-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Азамат  П., алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен  азамат В., салмағы  ірі мөлшердегі 1 976 г. құрайтын «Героин» есірткісін заңсыз иемденіп, сақтап бүркеншік есімді «Зура» атты азаматшаға  жалпы сомамен 3 200 000 теңгеге сатқан.

Соттың үкімімен азамат П. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 3-бөлігімен, 1,3-тармақтарымен кінәлі деп танылып,  11 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге сотталды.

Азамат В. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 3-бөлігімен, 1,3-тармақтары және 14-бабы 2-бөлігімен 2-тармақшасына  кінәлі деп танылып,  12 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге сотталды.

Үкім  заңды күшіне енген жоқ.

 

ШҚО қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының баспасөз қызметі