«Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотының кеңсе меңгерушісі  М.Алимханова   «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбында семинар сабағын өткізді.                                           

М.Алимханова   сотқа жаңадан қабылданған мамандарға аталған ереженің, аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейтінін атап өтіп, ережедегі негізгі ұғымдарға тоқталды. Сонымен қатар сот істерін  қарауға дейін ресімдеу және адамдардың сотқа келуін қамтамасыз ету, апелляциялық және жеке шағымдар мен наразылықтарды қабылдау, үкімдерді орындауға берудің жалпы ережелерін түсіндірді.                                                                                             

Семинар соңында мамандар өздері қызықтырған сұрақтарға толықтай жауап  алды. 

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі