Атқарушылық өндірісінің өзекті мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық сотымен ұйымдастырылған дөңгелек үстелде сот актілерін орындау бойынша өзекті мәселелерін талқылау үшін судьялар мен жеке сот орындаушылар кездесті.

Атқарушылық өндірісі - азаматтық іс жүргізудің соңғы кезеңі болып табылады, оның мақсаты бұзылған және дауланған құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету.

Күн тәртібінде негізгі сұрақтар: «Егер де борышкер оған берешек туралы хабарламаны табыс еткеннен кейін, ерікті түрде қарыз соманы төлеп берген жағдайда, жеке сот орындаушысының қызметінің ақысы кіммен төленеді? Атқару парағында борышкердің ЖСН-і туралы мәліметтің жоқтығы атқарушылық өндірісті қозғаудан бас тарту және оны сотқа қайтаруына негіз бола ала ма? Банктің реквизиттері, яғни бюджет сыныптамасының коды көрсетілмеген жағдайда мемлекет пайдасына өндіру туралы атқару парағының қайтарылуы дұрыс бола ма?» талқыланды.

Пікірталас кезінде дөңгелек үстелдің қатысушылары сот шешімдердің тиісті орындамау жағдайларын талдап, өндірушілердің заңды мүдделерін іске асыруына кедергі болатын бірқатар себептері мен мәселелерді анықтап, ұқсас фактілерді болдырмау үшін өз нұсқаларын ұсынды.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі