«Ата-ана балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамаған» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шемонаиха ауданының «Н.А.Островский атындағы №1 жалпы білім беру орта мектеп-гимназиясы» КММ-де Шемонаиха аудандық сотының судьясы Л.А.Федосовамен  «Ата-ана балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамаған» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Балаларды тәрбиелеу - бұл әрбір ата-ананың міндеті, болашағына жауаптылығы. Баланың болашақ тағдыры көптеген жағдайда ата-анасына байланысты. Бала адамдармен кең пейілді қарым-қатынаста болу үшін, алдымен ата-ананың өздері дұрыс жолда болуы тиіс. Бірақ көбінесе ата-аналар бала тәрбиелеуде өздерінің міндеттерін толық орындамайды.

Мысалға, Шемонаиха аудандық сотымен 2017 жылдың 7 айы бойынша ӘҚБК-нің 127-бабының 1-бөлігімен (бала тәрбиесі бойынша міндеттерін ата-аналарының орындамауы) 23 ата-аналарға қатысты әкімшілік ісі қаралып, айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Дөңгелек үстел соңында барлық қызықтырған сұрақтарына жауап берілді.

 

Шемонаиха аудандық сотының

баспасөз қызметі