Ашық есік күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Үржар аудандық сотында медиация кабинетінде «Медиация күні» атты тақырыпта ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараны  кәсіби емес медиатор С.Жексембаев өткізді.

Іс-шараның мақсаты – халықтың арасында медиация институтына белсенді насихат жүргізу, халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру. Іс-шара өткізу барысында кәсіби емес медиатор С.Жексембаев азаматтардың бірнеше сұрақтарына жауап берді, олар медиацияның қолдану саласы, медиаторлардың құқықтық жағдайы, медиацияны жүргізу жағдайы және дауды реттеу туралы келісімге келудің салдары туралы қызықтырған сұрақтар қойды.

 

Үржар аудандық сотының

баспасөз қызметі