Аңшылық мылтықты заңсыз сақтағаны үшін жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен К.-ға қатысты (ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау ) әкімшілік ісі қаралды.

Іс материалдарынан анықталғадай К. ішкі істер органдардың тиісті рұқсатынсыз өзінің үйінде азаматтық қару - бір ауызды, тегісұңғылы, Ижевск механикалық зауытында шығарылған, моделі «ЗК», 16 калибрлі аңшылық мылтығын заңсыз иеленіп, сақтаған. Сот мәжілісінде К. аталған мылтық қайтыс болған атасынан қалғанын, оның ішкі істер органдарында тіркелмегенін, атасынан ескерткіш ретінде сақтағанын айтып көрсетті.

Сот К.-ға тиісті баптың санкциясымен көзделген 20 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындап, аталған аңшылық мылтығын тәркіледі.  

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі