Ағаштарды заңсыз кескені үшін қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен ҚК-нің 340-бабының 1-бөлігімен (орман қорына кірмейтін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) айыпталған азамат М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, Қаратоғай ауылының тұрғыны М., Ақбұлақ ауылына қарасты «Өртен бұлақ» учаскесіндегі тау бөктерінен, яғни орман қорына кірмейтін, ара мен балтаны пайдаланып, 0,867 м3ағашты заңсыз кесіп құлатқан, нәтижесінде мемлекетке зиян келтірілген.

Сот үкімімен сотталушы жоғарыда көрсетілген бап бойынша кінәлі деп танылып,оған 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі