Жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы қақтығыс бейбіт жолымен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер Семей қалалық сотына «Газпром нефть Казахстан» ЖШС-не тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтарды заңсыз деп тану, еңбек шартын бұзу, учаскенің басшысы лауазымына жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақыты үшін еңбекақыны, 2016 жылдың қорытындысы бойынша сыйақы төлемдерін және 200 000 теңге моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы талап арызбен жүгінген. Жауапкер 200 722 теңге көлемінде материалдық залалды өндіру туралы қарсы талап арыз түсірген.

Сот отырысының барысында тараптар дауды медиация тәртібінде шешуді жөн көріп, келісімге келді. Келісім талаптарына сәйкес, жауапкер қарсы талап арызын қайтарып алуға және еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты бұзып, жұмыскердің бастамасы бойынша жұмыстан шығарылған негіздемесімен жаңа бұйрық шығаруға, ал талапкер талап арызынан бас тартуға міндеттелді.

Іс жүргізу тоқтатылып, төленген мемлекеттік баж сомасы талапкерге қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі