Жерді мемлекеттік мұқтаж үшін алу бойынша сот тәжірибесіне жүргізілген қорытудың жобасы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында  жерді мемлекеттік мұқтаж үшін алу бойынша сот тәжірибесіне жүргізілген қорытудың жобасы талқыланды.

Іс шараға Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының судьялары мен мамандары,   жер саласымен айналысатын жергілікті атқару органы мен Катонқарағай аудан прокуратурасының өкілдері қатысты.

Сот төрағасы А.Әли  қатысушыларды ҚР Жоғарғы Сотымен жерді мемлекеттік мұқтаж үшін алып қою бойынша сот тәжірибесіне жүргізілген қорытудың жобасымен таныстырып, жер учаскелерін  заңнамаларды бұзып пайдалану жағдайларында, жерді мемлекеттік мұқтаж үшін алу  үшін мемлекеттік органдардың сот органдарына жүгіну құқықтарын түсіндірді.

Іс шара соңында қатысушылар жер заңнамасының  жетілдіру бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

 

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының

 баспасөз қызметі