Жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ә.Кәсенов сот мамандарының қатысуымен «Жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Сот төрағасы қызметтік міндеттерді лауазымға сәйкес сақтауды, мемлекеттік қызметкердің антына адал болуды, әдеп кодексін сақтап өздік қауіпсіздікті ойлау туралы ескертті.

Семинар соңында сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов сот мамандарына сот деңгейін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтауды ескертті.

 

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының баспасөз қызметі