«Жекелеген санаттар бойынша дауларды (шиеленістерді) сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің пилоттық жобасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай аудандық сотында «Жекелеген санаттар бойынша дауларды (шиеленістерді) сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің пилоттық жобасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс шараға Катонқарағай аудандық әкімдігінің, ауылдық округ әкімдігінің мамандары, нотариустар, кәсіби емес медиаторлар және  БАҚ өкілдері қатысты.

Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Э.Жансұлтанова  пилоттық жоба азаматтық сот ісін жүргізуде міндетті медиацияны енгізу және одан әрі дамыту мақсатында жүзеге асырылатынын, оның міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, пилоттық жобаны жүргізуге кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, азаматтық істер қарайтын аудандық және оған теңестірілген соттар, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар және медиаторлар қатысатынын баяндады. Ары қарай, дауды және жан-жалдың медиация тәртібін колдану міндетті істердің санаттары көрсетілді.

Аталған іс шара соңында қатысушылар  тараптардың дауды татуласу тәртібімен шешуді дамытуды толық қолдап және күнделікті өмірде қолдануды жүзеге асыру қажеттілігін ерекше айқындады.

 

Катонқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі