Жарма ауданының №2 сотында 2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша баспасөз-мәслихаты өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жарма ауданының №2 аудандық сотының  төрағасы  Т.С.Адильжанов 2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша «Қалба тынысы» баспасының өкілінің қатысуымен баспасөз-мәслихатын өткізді.

Сот төрағасы баспасөз-мәслихатында Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі сот өндірісінің ашықтығы мен жариялылығы қағидаларына негізделгендігіне де тоқтала кетті. Бұл қағидалар жай ғана мақсат емес, сот жүйесі туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру құралы болып табылады.             

         Біздің елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының нақты жетістіктері ретінде соттар қызметінің ашықтығын атап өтуге болады. Бұл – құқықтық мемлекеттің өркендеуінің негізі болып табылады. Мәселен  сотта 6 ай ішінде 10 қылмыстық іс, 151 азаматтық іс, 171 әкімшілік іс қаралған. Аталған мерзімде 36 іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты қысқартылған, оның ішінде 4 қылмыстық іс, 18 азаматтық іс, 14 әкімшілік іс қыстартылған.

Уақыт талабына сай «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі белсенді түрде қолданылуда. Атап айтқанда сотқа түскен азаматтық тәртібінде қаралатын 159  арыз аталған сервис арқылы түскен, ол 100% құрайды. Қазіргі кезде барлық әкімшілік істер де «Сот кабинеті» арқылы келіп түсуде.

Сотта барлық қылмыстық, азаматтық және әкімшілік сот процестері дыбыс-бейне жазуды қолданумен  өткізіледі, судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе дыбыс жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі жоқ. Бұл сотқа қатысушы адамдарды тәртіпке салып, судьялардың үстінен түсетін негізсіз шағымдар санын азайтады.

         Сот төрағасы Т.С.Адильжанов баспасөз-мәслихатының соңында келешекте сот төрелігінің сапасын арттыруға, еліміздің сот жүйесінің тәуелсіздігі мен тиімділігінің кепілдігін нығайтуға және сот билігінің имиджін аттыруға Елбасының қойған тапсырмаларын орындау үшін барлық шаралар қолданатындығын айтты.

 

Жарма ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі