Жаңа пилоттық жоба – Медиация

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының №2 сотының жетекші маманы Р.Келиспаева «Достық үйі» ғимаратында орналасқан медиация кабинетінде Самар Достық үйі мен Шығармашылық үйінің қызметкерлерімен  «Жаңа пилоттық жоба Медиация» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2017 жылғы 26-қаңтардағы №6001-17-7-4/16 өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесімен» таныстырды.

Пилоттық жобаның міндеті татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделігін анықтау екенін атап көрсетті.

Семинар соңында Келиспаева Р. қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

 

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі