Зайсан аудандық сотында сот актілерінің орындалу мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотында «Сот актілері орындалуымен құнды» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық соттың төрағасы Б.Мергембаев модератор болып, іс-шараға судьялар Н.Хасенбаев, Г.Нұртазинова, Ш.Оспанова, аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі, әділет басқармасы өкілдері, мемлекеттік сот орындаушы Г.Габдуллаева, жеке сот орындаушы С.Салықбаева қатысты.

Дөңгелек үстел барысында аудандық соттың төрағасы Б.Мергембаев сот актілері заңды күшіне енгенен соң Қазақстан Республикасының аумағында меншік түріне қарамастан барлық заңды және жеке тұлғалармен міндетті түрде орындалуға жататындығын, сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік, қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығын, сот актілерін заң талаптарына сай дер кезінде орындау мемлекеттің құқықтық саясатының ажырамас басым бағыттарының бірі екендігін атап өтті. Зайсан аудандық соты бойынша орындалмай жатқан сот актілеріне статистикалық мәліметтерді келтіре отырып тоқталып, көп жылдар бойы сот актілерінің орындалмау себептеріне және келешекте оларды орындау жолындағы атқарлуға тиіс іс-шараларға тоқталды.

Іс-шараға қатысушылар сот актілерінің орындалмау себептеріне, оны орындау жолында бірлесіп атқарылуға тиіс шараларға тоқталып, өзара пікір алмасты.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылармен сот актілерін орындау көрсеткіштерін арттыруға бағытталған бірлескен шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізілді.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі