Заңсыз балық тасымалдағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Үржар ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабының, 1-бөлігімен (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау, ұстау) бойынша құқық бұзушы  Е.Б.Атажановқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында,  Е.Б.Атажанов  ешбір құжатсыз салмағы 7 кг. «Ақтабан» балығын  сатып алып, заңсыз тасымалдағаны  анықталған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабының, 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 (он) айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Үржар ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі