Заң факултетінің студенттері Өскемен қаласының №2 сотында әдістемелік сабақ өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотында оқу-сабақ процесінің көрсетілімі  өткізілді, онда судья және сот процесіне қатысушылардың рөлдерін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің заң факультеті студенттерінің өздері сомдады. Оқу процесінің фабуласын студенттер өз қалауларымен ұйымдастырды.

Осы оқу процесінде олар материалдық және процесуалдық құқық деңгейлеріне қатысты теориялық білімдерін өте жоғары дәрежеде көрсетіп, сондай-ақ сот ісінің жүргізілу дағдысы, жұрт алдына шығып сөз сөйлеу, іс бойынша айғақтарды жан-жақты зерттеу көрсетілімдерімен бекітті.

Оқу процесінің соңында Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы Г.Әділбаевамен өткізілген сот талқылауына саралау жүргізіліп, студенттердің жұмыстарының кейбір әлсіз жерлері, сондай-ақ жағымды жақтары белгіленіп айтылды.

Өткізілген шара өз кезегінде тағыда заң мамандығының маңызды мәнділігін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар өзінің кәсіби деңгейінің жетілуін үздіксіз қадағалау қажеттілігін көрсетті.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі