«Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз» мерекесінің қарсаңында сұрақ – жауап сайысы ұйымдастырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз» мерекесінің қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мамандары арасында сұрақ – жауап сайысы ұйымдастырылды.

Сот қызметкерлері қызығушылықпен қатысып, сұрақтарға бар ынта-жігерлерімен жауап берді.

Сұрақ – жауап сайысының соңында ұпайларды санау барысында қойылған сұрақтардың басым бөлігін бас маман  – сот отырысының хатшысы М.А.Садвакасова, М.О.Байжұманова жауап беріп, мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

ШҚО қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының баспасөз қызметі