Ұлан ауданының № 2 аудандық сотының судьясы дөңгелек үстелге қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қ.Қайсенов кентінде орналасқан Мәдениет үйінде «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  

Іс шараға ауылдық аймақтардың әкімдері, кәсіби емес медиаторлар,  БАҚ өкілі, мемлекеттік мекеме басшылары және Ұлан ауданының судьялары қатысты.

Дөңгелек үстелді  судья Х.К.Тлеубергенова ашып, Республика судьяларының VII съезінде Мемлекет басшысының берген тапсырмасын жүзеге асыру үшін медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша Жоғарғы Сот пилоттық жобаны іске қосқандығын айтты. Жобаның міндеті татуласу рәсімдерінің қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды реттеу мүдделілігін анықтау болып табылады. Медиацияның тиімділігі келіссөздер процесін жургізу үшін жағдай жасау аркылы, даулы карым-катынастарға тартылған тараптардың мүдделерін ескере отырып, медиатордың катысуымен дауды (жанжалды) реттеу.

Өз кезегінде судья А.Байжуменева шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кәсіби медиатор Т.Танекенова медиация тәртібімен қаралған істерден мысал келтіріп, бітімгершілік рәсімдерді өткізудегі практикалық тәжірибесімен бөлісті.

Шара қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, шараның ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, пилоттық жобаның маңыздылығын атап өтті.

 

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотының

 баспасөз қызметі