Ұлан ауданында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы»: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы Ұлан ауданының   сотында «дөңгелек үстел» барысында талқыланды.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы М.М.Халмурзаев,судьялар А.К.Нұргазин,Х.К.Тлеубергенова және  адвокаттар А.Шотанова, Е.Сыздыков қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау, оның міндеттері мемлекеттік, халық бірлігін нығайту және базалық құндылықтар айналасында қоғамның топтасуын, олардың негізінде -  тәуелсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім негізіндегі, саяси және экономикалық жағдайын қалыптастыру, білімді тереңдету, дөңгелек үстелге қатысушылардың өзінің ел алдындағы азаматтық борышын,  жауапкершілігін сезіну болып табылады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жолдаумен танысып, өз ойларымен бөлісті. Жалпы жиналғандар жолдаудың қаншалықты маңызды екендігі мен жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсуге көмектесетіндігін айтып өтті.

Жиналыс аяғында, сот төрағасы М.Халмурзаев  Елбасы Жолдауының негізгі басымдықтарын көрсетіп, оларды іске асыру жолында барлық шаралар жүргізіп, алға батыл қадам басуға шақырды.

 

 Ұлан аудандық  сотының

баспасөз қызметі