Теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданының №2 аудандық соты азамат А.Шамгуновқа қатысты ҚК-тің 346-бабы,  1-бөлігімен, яғни (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру) туралы қылмыстық ісі қаралды.

А.Шамгунов  сот қаулысымен көлік құралдарын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айырыла тұра, көлігін алкогольдік масаң күйде басқарған.

Сот үкімімен А.Шамгунов ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен қылмыстық теріс қылық жасаған үшін кінәлі деп танылып, осы бап бойынша үш жыл мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан (көлік құралын басқару құқығынан) айырып, 100 (бір жүз) сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Тарбағатай ауданының № 2

аудандық сотының баспасөз қызметі