Тарбағатай ауданының № 2 аудандық сотында Жолдаудағы тапсырмаларды талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы, жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Жолдауында айтылған мақсат-міндеттерді, соның ішінде сот жүйесіне тән бағыттарды сапалы жүзеге асыруға байланысты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы С.Ахмеджанов, заң саласының ардагері Т.Омар, аудандық прокуратураның аға прокуроры Б.Бекенов, Тұғыл ауылындағы мектеп инспекторы Н.Жакыпбекова, жергілікті учаскелік инспектор М.Бейсембаев, БАҚ өкілдері және сот қызметкерлері  қатысты.

Дөңгелек үстелге жиналғандар Президент Жолдауына қатысты көзқарастарын білдірді, ұсыныс-пікірлерін айтты. Атап айтқанда заң тетіктері арқылы жекеменшікті қорғау, кәсіпкерлікті қолдау, салық бюджет саясатын жақсарту, әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру секілді маңызды тақырыптар қызу талқыланды.

Сот төрағасы Президенттің Жолдауын толықтай қолдайтынын айта келе соттың ұжымы құқық үстемдігін және барлығының заң алдындағы тендігін қамтамасыз ету ісінде азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға бағытталған тапсырмаларды орындау жолындағы жұмыстар жалғаса беретіндігін жеткізді.

 

Тарбағатай ауданының № 2аудандық сотының

 баспасөз қызметі