Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енген өзгерістер туралы семинар сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.М.Садуакасова Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының  2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VI Заңын оқып үйрену бағытында судьялар арасында  семинарлық сабақ өткізді.

Аталған шараға тарбағатай ауданының аға прокуроры Б.Бекенов, адвокаттар Т.Аубакиров, А.Байтілеуов қатысты.

Шара барысында заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістерге сәйкес Азаматтық процестік кодекстің 146,165,173 баптарына енгізілген өзгерістерге сәйкес істерді оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қараудың ерекшеліктері, судьяның істі сот талқылауына дайындау жөніндегі әрекеттері, істі сот талқылауына тағайындаудың процессуалдық мерзіміне тоқталды.

Шараға қатысушылар, басты мақсат – Елбасының «Қазақстанның Үшінші  жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" ұғымындағы бес басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық  тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтудің бағыттарынан туындайтын міндеттерді орындаудағы Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу деген қорытындыға келді.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі