Талапкер пайдасына сақтандыру соммасы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотында Сақтандыру компаниясынан ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін Ж. пайдасына өндіру жайлы азаматтық іс қаралды.

Істің мән-жайы бойынша анықталғандай, азамат А. өзінің басқаруындағы азаматша Ж. меншігіне тиесілі көлікпен жол көлік оқиғасын жасаған, нәтижесінде жол апатынан автокөлік механикалық бүлінген. Аталған көлік Банктен қарыз  ақшаға сатып алынған және ол банктің кепілі болып табылады. Осы тұрғыда, Банк және Сақтандыру компаниясы арасында өзара ерікті сақтандыру шарты жасалып, оған азаматша Ж. кепіл беруші және сақтандыру объектісінің меншік иесі ретінде қосылған. 

Сақтандыру компаниясы азаматша Ж.-ға сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін төлеуден бас тарта отырып, Банктің кепіл ұстаушысы ретінде және сақтандыру шартына қосымша келісім-шартқа сай, автокөлікті үшінші тұлғаға, яғни азамат А.-ға басқаруына рұқсат бермеу керектігі негіз болған.            

Сотта анықталғандай, сақтандыру шартына қосымша келісімі бойынша, меншік иесі, талапкер Ж. басқа үшінші тұлғалардың автокөлікті басқаруына кепіл ұстаушысының міндетті талап ететін келісімімен талапкер Ж. не Сақтандыру компаниясы, не Банк таныстырмаған. Талапкер Ж. Азаматтық кодекстің 815-бабы 3-тармағына талаптарына сай, шарттың өзгерген талаптарынан таныстырылмаған және ол мүлдем бейхабар болған.

Істің мұндай тұрғысында, Сақтандыру компаниясының сақтандыру шарты бойынша талапкер Ж. тиісті сақтандыру төлемдерін төлемеуі, талапкердің заңмен қорғалатын құқықтарына және мүдделеріне қайшы келетінін ескеріп, сот талапты қанағаттандыру жөнінде шешім қабылдады.

 

Сот шешімі заңды күшіне енбеген.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі