Такси қызметін пайдаланамын деп, ЖКӨ түсті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотының өндірісінде талапкер Д., А., У.-дың өзінің және балаларының мүддесінде әрекет етуші жауапкер Д-ға, сақтандыру компаниясына қатысты материалдық шығынды және моральдық өтемақыны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, такси қызметін қолданған талапкер және оның балалары, жолда жол-көлік оқиғасына душар болған. Оның нәтижесінде оларға орта және жеңіл дәрежедегі дене жарақаттары келтірілген, ал талапкерлердің біріне екінші топ мүгедектігі анықталған. Жүргізушінің кінәсі әкімшілік соттың қаулысымен және қылмыстық соттың үкімімен дәлелденген.

Талапкерлер аталған жол көлік оқиғасына жүргізуші, такси қызметі және жүргізушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырылған сақтандыру  компаниясына қатысты залалды өндіру туралы талаппен сотқа жүгінген.

Сот залалды келтіруші ақпараттық-диспетчерлік қызметпен еңбек қатынастарында тұрмағандығын ескеріп, такси қызметіне қатысты талаптарды қанағаттандырудан бас тартты. Талапкерлердің емделуіне кеткен шығындарды және екінші топ мүгедектікке байланысты сақтандыру сыйақысын сақтандыру компаниясынан, жоғалған еңбекақы мен моральдық шығынды жүргізушіден өндірді.

Нәтижесінде талап ішінара қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі