Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру жөніндегі дәріс өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекеттік  мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру  мақсатында Глубокое аудандық соттың судьясы Ә.Болатова  ШҚО Әділет Департаментінің сот актілерін орындау бойынша Глубокое аумақтық бөлімінде «Сыбайлас  жемкорлық  қоғам дерті» атты тақырыбына дәріс сабағын өткізді.

Өз баяндамасында дәріс өткізуші қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңның талаптарын түсіндіріп, жұмыс жүргізу  барысында сыбайлас жемқорлықты туғызатын негіздемелерін  алдын алу  жөніндегі қолдану шаралардын түрлері мен  заң бұзушыларға қолданылатын   жауапкершілігі жөнінде ақпаратты жеткізді.

Кездесу соңында баяндаушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлім қызметкерлерінің құқықтық сезім мен мәдениеттін қалыптастыру бағытында, бюрократтық сөзбұйда фактілеріне жол бермеу, атқарушылық  өндірістің процедурасын ашық нысанда  жүзеге асырудың қажеттілігін айтты.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі