«Сыбайлас жемқорлық туралы» тақырыбында дәріс өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының жетекші маманы Қ.Қуатов Көкпекті ауданының  №2 пробация қызметінде «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбында дәріс өткізді. Іс шараға бөлімнің қызметкерлері қатысты.

Қ.Қуатов өз сөзінде қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық мәселесі басты мәселелердің бірі, тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, көптеген мемлекеттерде өзекті болып табылады деп атап көрсетті. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық салаларда: саясатта, экономикада, әлеуметтік салада  жағымсыз әсер етеді. Бұл құбылыстың жағымсыз әсері ұлттық қауіпсіздік мүддесіне қауіп-қатер төндіреді.

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдайлар туғызатын әрекеттерге жол бермеуге тиіс.

Дәрісті қорытындылай келе, Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы күреске заңнамалық база құрылған, олар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» туралы заң, сонымен бірқатар арнайы бағдарламалардың барын ескерді.

 

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі