Судья үйрету сабақтарын жүргізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында ҚР АПК-нің жаңа түсіндірмесінде берілген негізгі ережелерді түсіндіру мақсатында сот төрағасы Н.Нұралинов тәлімгер ретінде жаңадан тағайындалған судья А.Амрееваға үйрету сабағын жүргізді.

Берілген түсіндірме ҚР ЖС судьялары ғана емес, ҚР парламент сенатының депутаттары, Бас прокуратураның, Республикалық адвокаттар алқасының, Республикалық нотариалдық палатаның өкілдері кірген авторлық ұжыммен  дайындалған.

ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы К.А.Мәмидің пікірінше түсіндірмеде ұсынылған ережелер әр адамның  сотпен  қорғауындағы конституциялық құқығын іс-жүзінде тиімді іске асыруға ғана емес,  азаматтық процессуалдық кодексті де дұрыс түсініп, дұрыс қолдануға көмектеседі.

 

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі