«Соттың хабарлаулары мен шақырулары» тақырыбындағы дәріс сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот мамандарымен дәріс сабағы өтті.

Аталған шарада, бас маман-сот отырысының хатшысы М.О.Байжуманова «Соттың хабарлаулары мен шақырулары» тақырыбында баяндама жасады.

М.О.Байжуманова өз баяндамасында, хабарлау немесе шақыру хабарландырылатын немесе шақырылатын адамға тарап немесе іске қатысатын басқа да адам көрсеткен мекенжай, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберіледі. Егер сотқа хабарланған мекенжай бойынша адам іс жүзінде тұрмайтын болса, хабарлау немесе шақыру оның жұмыс орны бойынша жіберілуі мүмкін. Заңды тұлғаға арналған хабарлау немесе шақыру оның орналасқан жері бойынша жіберілетіңдігін  атап өтті.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

 

ШҚО қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының баспасөз қызметі