Соттың 2017 жылдың екі айындағы атқарылған жұмыстары қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ә.Кәсенов сот ұжымының қатысуымен 2017 жылдың  екі айындағы жұмыстарының қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов 2017 жылдың екі айындағы жұмыстарының қорытындысына талдау жасады, сонымен қатар сот  мәжілісінің отырысын себепсіз кейінге қалдыру, мерзімдердің бұзылу фактілерін болдырмау,  БАҚ-пен тығыз байланыста жұмыс атқаруды күшейту, сот актілері мен хаттамаларды уақытылы «Төрелік» ақпараттық жүйесіне енгізу, сот актілерінің уақытылы және сапалы әзірленуін  қадағалау,  сотқа келушілерге барынша қолайлы жағдай жасау, қаралған қылмыстық істер бойынша брифинг өткізу қажет екендігін атап өтті.

Жедел кеңесті қорытындылай келе, сот қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау тапсырылды.

 

 

ШҚО қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының баспасөз қызметі