Соттағы ақпараттық технологиялар сот ісін жүргізудің барынша ашық болуын қамтамасыз етеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлан ауданының сотында «Сот мәжілісі залында соттың аудио-бейне жазбаларын қолдануы» тақырыбына семинар сабағы өтті. Семинарға мамандандырылған соттың судьялары, кеңсе меңгерушісі және сот  мамандары қатысты.

Жетекші маман Ш.Жомартова өз баяндамасында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы, оның өсуіне байланысты көпшіліктің сұрау салуларының арта түсуі бойынша сот жүйесінде жаңа ұстанымдарды қолдану қажеттілігі туындап отырғанын атап өтті. Сот төрелігі жөніндегі жұмыстарды оңтайландырудағы перспективті бағыттарының бірі сот ісін жүргізудің барынша ашық болуына қол жеткізу үшін ақпараттық технологияларды, оның ішінде аудио-бейне жазбаларын қолдану болып табылатынын айтты.  

Семинар соңында кеңсе меңгерушісі Н. Кисыкова заманауи технологияларды қолдану соттар қызметінің қолжетімділік, ашықтық және тиімділік тәсілдерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

 

Ұлан аудандық сотының

баспасөз қызметі