Сотта «Жерді мемлекеттік мұқтаж үшін алуға байланысты дауларды қарау сот тәжірибесі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының № 2 аудандық соттында «Мемлекеттік мұқтаж үшін жерді алып қоюына байланысты дауларды қарау сот тәжірибесі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел Марқакөл ауылдық округінің әкімі С.А.Ақсартовтың қатыстысуымен өтті.

Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы Р.Е.Омаров қатысушыларды ҚР Жоғарғы Соты мемлекеттік мұқтаждық үшін жерді алып қою бойынша сот тәжірибесіне жүргізілген қорытуымен таныстырды.

Сонымен қатар, судья С.Жүніспекова жер телімінің құрылысы, игеру мерзімі, өтіп кеткен болса, және жерді заңнаманы бұза отырып қолдану жағдайлары орын алса мемлекеттік органдарда телімді мәжбүрлі түрде алуға құқықтары бар, ал жер учаскелерінің меншiк иелерiнен және жер пайдаланушылардан жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою жер учаскесі орналасқан жер бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың талап арызы бойынша сот тәртібімен жүргiзiледi деп түсіндірді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылардың позициясы тындалып, жер заңнамасын жетілдіруі бойынша пікірлерімен алмасты.

 

Күршім ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі