Сотта дәріс сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының №2 аудандық соты төрағасының м.а. С.Жүніспекова сот қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдары және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптары бойынша дәріс оқыды.

Өзінің баяндамасында С.Жүніспекова Қазахстан Республикасының «Қазахстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Занының негiзi жаңашылдықтарына және қызметтік әдепті сақтауға, сонымен қатар мемлекеттік қыметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттері туралы заңға ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, С.Жүніспекова жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсаты, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету екенін атап өтті.

Бұдан басқа, баяндамашы қызметкерлердің мiнез-құлқына ортақ және қызметтен тыс уақытта, қызметтiк қатынастарда, бұқаралық ақпарат құралдарының арасында сөйлеуге қойылатын стандарттарға тоқталды.

Дәрiстің соңында, мемлекеттiк қызметкерлермен, iс жүргiзу заңдарының талаптары мен міндеттерін, аудандық және оған теңестірілген соттардың ережелерін, Қазахстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін бұлжытпай ұстану міндеттігі атап өтілді.

 

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі