Сот кабинеті және оның артықшылықтары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотының бас маманы - сот отырысының хатшысы Ж.А.Ермекова Бесқарағай АІІБ-нің қызметкерлерімен «Сот кабинеті және оның артықшылықтары» тақырыбында дәріс өткізді.                                                                                    

Іс-шараның негізгі мақсаты - «Сот кабинеті» сервисі арқылы сотқа әкімшілік істерді жолдауға және жүгіну мүмкіншіліктерін қолдануға түсініктеме беру.                  

Ж.А. Ермекова өз баяндамасында аталмаш сервис азаматтар, өкілдер, адвокаттар талап арыздарды және басқа да арыздарды сотқа интернет арқылы жолдауға, азаматтардың қаражаты мен уақыттарын үнемдеуге, бюрократиялық тосқауылдарды болдырмауға, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтарымен байланыстарын азайтуға, сыбайлас жемқорлық сәттерінің азаюына себепкер болатынын атап өтті.                                              

Сондай-ақ, осы сервис арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыруға өкілетті органдар әкімшілік істерді, материалдарды электрондық іс жүргізуге ауысуды ықпал ететін қысқартылған рәсімге мүмкіндік беретін, қағаз түрінде жолдамай, электрондық түрде сотқа жібере алады.                                                                                          

Кездесу нәтижесінде қатысушылар пікірлерімен алмасып, жаңа электрондық қызмет сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді болуына бағытталғанын атап өтті.

 

 Бесқарағай аудандық сотының 

баспасөз қызметі