«Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы» тақырыбында семнар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты ғимараты және жергілікті соттардың ғимараттары,Қазақстан Республикасы үкіметінің 07.10.2011 жылғы «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы қаулысының негізінде аса маңызды күзетілуі тиіс нысандарға жатады.

Сот нысандарын күзету ішкі тәртіптерді сақтай отырып келушілерді қарсы алу, арнайы тексеріп өткізу кіргізу, тәртіптері, «Облыстық соттардың сот нысандарын күзету ішкі тәртіптерді сақтай отырып, келушілерді қарсы алу, арнайы тексеріп өткізу, кіргізу тәртіптері» ережесі негізінде жүргізіледі.

Зайсан аудандық сотында сот ғимаратына кіру – шығу тәртібінің қатаң сақталуын және заң бұзушылықтарын болдырмау, оның алдын алуда «Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы» тақырыбында ШҚО МКҚБ ЖПБ-нің  қызметкерлерінің қатысуымен семинар сабақ өткізілді.

 Семинарға сот төрағасы Б.Мергембаев, аға  сот жасауылы М.Молданов ШҚО МКҚБ ЖПБ-нің бастығы полиция аға лейтенанты Е.Ахметзакиев және күзет бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Сот төрағасы Б.Н.Мергембаев семинарға қатысушыларының назарын сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы жөніндегі арнайы қағиданың талаптарына аударды.

Семинарды қорытындылай келе сот төрағасы Б.Мергембаев  сот ғимаратында келеңсіздіктерді болдырмауда бүгінгі шараның маңызы зор екенін, сотқа келушілердің аталған заң талаптарына бағынуын қатаң түрде қадағалауды күзет қызметкерлеріне тапсырды.      

 

Зайсан аудандық сотының

  баспасөз  қыметі