Сот актілерінің орындалуы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім аудандық сотында «Сот актілерін орындаудың өзекті мәселелері» тақырыбында судьялардың, сот мамандарының,  аудандық прокуратура өкілінің, Күршім аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы Е.Шымыров өз баяндамасында, атқару парағын сот орындаушылар палатасына жолдау және орындау мерзімдері  барысындағы мәселелерге назар аударды. Дөңгелек үстел аясында атқару өндірісі  бойынша мәселелер, соның ішінде атқару парағын орындаусыз қайтару негіздері талқыланды.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар осы кездесудің маңыздылығын айтып және қойылған сұрақтарды бірігіп орындауға дайындықтарын білдірді.

 

Күршім аудандық сотының

 баспасөз қызметі