Сот актілерін орындау бойынша дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотының төрағасы Т.Адаспаев «Сот шешімдерін орындаудың өзекті мәселелері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Шараның мақсаты – орындалмаған сот актілерінің санын азайту, атқарушылық құжаттарының негізсіз қайтарылуын болдырмау және атқарушылық  өндірісіне тәжірибелік көмек көрсету.

Шараға Риддер қалалық сотының судьялары, сот приставы, жеке сот орындаушылар Т.А.Меткеев, Р.К.Хасанов, мемлекеттік сот орындаушысы Д.И.Елизаров қатысты.

Шараны аша отырып, Риддер қалалық сотының төрағасы Т.К.Адаспаев сотпен шығарылған актілердің орындалу жағдайына тоқталып, жеке судьялардың істері бойынша нақты статистикалық деректерді келтірді. Сонымен қатар, төраға сот орындаушыларын атқару құжаттарын негізсіз қайтарудағы жауапкершіліктері туралы ескертті. 

Өз кезектерінде сөз алған судьялар өздерінің орындалмаған сот актілері бойынша есеп беріп, сот орындаушыларына тиісті сұрақтарын қоюға мүмкіндіктер алды.

Риддер қалалық сотының аға приставы А.Кесикбаев сот орындаушыларымен бірлесіп атқарылып отырған апта сайынғы рейдтің қорытындысын баяндады. Орындалмаған сот актілері бойынша Риддер қалалық соты мен сот орындаушылары арасында салыстыру актілері рәсімделді.

Шара соңында сот төрағасы Т.Қ.Адаспаев қатысушыларға осы бағытта жемісті қызмет тілеп, белсенділіктеріне алғысын білдірді.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі