Шығыс Қазақстан облыстық сотында Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шара өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған  салтанатты іс-шара өткізілді.

Мерекелік шарада облыстық сот төрағасы Досжан Сарманқұлұлы сот қауымдастығы мен сот жүйесінің мамандарын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Жер-жаһанды сері самалға өткізіп, жұрттың аузын аққа жеткізіп, нұр тамшыларын аямай төккізіп, қиындықтың бәрін келер жылға өткізіп, Күн мен түннің теңелер сәтімен дөп келетін шығыс халықта­рының жаңа жылы – Наурыз мейрамы халқымыз үшін  жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен ынтымақтың арқауы деп бағалаған. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелте берсін. Бұл күн – тіршіліктің дәстүрлі құндылықтары аясында бәріміздің бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдіруіміздің нышаны. Наурыз – Қазақстанның барлық  халықтарының білігінің белгісі. Бірлік пен татулық – біздің республикамыздың Президентінің жүргізіп отырған саясатының басты басымдықтары. Бұл Қазақстанның дамуының және әлімнің 30 бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына енуінің негізі. Еліміздің сот жүйесі Наурызды жақсы нәтижелермен қарсы алуда, оның жаңғыруы барысында ауқымды жұмыстар атқарылуда.  Осынау ұлық мерекелердің бірі Наурыз мейрамында Сіздерге және жақындарыңызға бақ-береке, дендеріңізге саулық, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыстар тілеймін»! - деді өз сөзінде Досжан Сарманқұлұлы.

Осынау Ұлыстың үлы күні – әз Наурыз мерекесінде қонақтарға арналған қазақтың ұлттық тағамдарына толы кең дастарған жайылып, мерекелік жиын  облыстық соттың ұжымымен ұйымдастырылған салтанатты концерттік бағдарламаға ұласты. 

Ұжымдағы ақпараттық қамтамасыз ету, талдау және жоспарлау бөлімдерінің, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімдерінің мамандары ұлттық нақыштағы мың бұралған билер мен әндерді, қазақтың күйлерін орындап, өз өнерлерімен тәнті етті.

 

Шығыс Қазақстан облыстық соттың

баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер мен ұсыныстар