Шығыс Қазақстан облыстық сотында аттестаттау комиссияларының құрамымен ұйымдастырылған кеңес өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Шығыс Қазақстан облыстық сотының жанындағы соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің төрағасы  В.Н. Кизаметдиновпен, Өскемен қаласының маслихат депутаты Е.С. Омарбековпен, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің қылмыстық құқық және қылмыстық атқару  құқығы кафедрасының аға оқытушылары Л.Е. Құсманова және З. Еркінқызымен арнайы ұйымдастырылған кеңес өткізілді. Олар  кешенді аттестаттаудың үшінші деңгейін өткізу жөніндегі  бірқатар мәселелерге тоқталып өтті.

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 15 қадамына сәйкес ағымдағы жылы «Б» корпусына әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді аттестаттаудан өткізілу жүргізіліп жатыр. Аттестаттау төрт кезеңнен тұрады, біріншісі – бағалау парағын сараптау, екіншісі – жеке құзіреттерді бағалау үшін тестілеу, үшіншісі – тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден өту, төртіншісі – аттестаттау комиссиясының әңгімелесу қорытындысы және алдыңғы кезеңнің нәтижелері  бойынша  шешім қабылдау кезеңі.

Аттестаттаудың мақсаты кәсіби дайындық деңгейін анықтау ғана емес, сонымен қатар,  қызметшілер мансабының одан әрі даму әлеуетін анықтау болып табылады. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңында аттестаттау комиссиясының қызметшінің лауазымын жоғарылату туралы шешім қабылдай алатындығы қарастырылған.

Кездесу соңында ШҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы, аттестаттау комиссиясының төрағасы Е.О.Айтпай  аттестаттау комиссияларының құрамына арнайы ұйымдастырылған кеңеске қатысқандары  үшін алғысын білдірді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық  сотының

баспасөз қызметі