Шетелдік азамат Қазақстан шекарасынан шеттетілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық соты  Өзбекстан азаматын Қазақстан аумағынан шығару туралы азмаматтық істі қарады.

Сотта,  Өзбекстан азаматы бұрын Қазақстан Республикасында қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды. Сот үкімімен ҚР ҚК 190- бабы, 2-бөлігі, тармақтары бойынша 1 жыл 10 айға  бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. 

ҚР-ның 1995 жылдың 19 маусымдағы № 2337 "Шетелдіктердің құқықтық жағдайлары туралы" Заңының 28-бабы, 1-бөлігі «в» тармағы бойынша, шетелдік азамат Қазақстан Республикасының  заңнамасын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасы аумағынан мәжбүрлі түрде еркінен тыс шығарылады.   

Сот шешімімен ШҚО ІІД-нің Өзбекстан азаматын Қазақстан Республикасының аумағынан шығару жайлы арызы қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі