Шетел азаматы елден шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық соты «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті» Мемлекеттік мекемесінің Қырғызстан азаматы М-ны Қазақстан Республикасының аумағынан еркінен тыс шығару жайлы арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Қырғызстан азаматы М. Қазақстан Республикасына 2011 жылы шілде айында келген.  Республика аумағында болған кезде ол ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған, алайда жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылған. Сонымен қатар, ол бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталған.

Сот Қырғызстан азаматы М-ны Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Республика шегінен тыс шығарып жіберу жөнінде шешім шығарды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі