Семейдің Ювеналды сотында сот оқуына байланысты дәріс өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семейдің Ювеналды сотында «Қазақстан Республикасы сот оқуының 2017-2020 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.

Талқылау барысында сот төрағасы Р.М. Ақпар сот оқуы ақпаратты таратудың жаңа түрі мен ақпараттық технологияларға негізделген оқытуды жетілдіру тәсілдері мен әдістемелерін қолдана отырып, судьяларға кәсіби дағдылар қалыптастыруға негізделуі тиіс екендігін атап өтті.

Сонымен бірге судьялар заң үстемдігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, ұдайы қоғам мен мемлекеттің мүдделерін сақтау, азаматтардың бостандығы мен құқықтарын қорғау міндеті жүктелетін  жоғары кәсіби судьялық корпусын қалыптастыру, сондай-ақ оларды тиімді іске асыру үшін тиісті шешім қабылдау мәселелерін талқылады.

          

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі