Семейдің Ювеналды сотында сот актілерін орындау туралы дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семейдің Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар әкімшілік айыппұлдарды өндіру бойынша сот актілерінің ұзақ уақыт орындалмау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді.

Семей қаласының әкімшілік айыппұлдарды өндіру бөлімінің сот орындаушысы мен прокуратураның өкілі қатысты.

Дөңгелек үстел барысында мемлекет пайдасына өндірілген айыппұлдар бойынша ұзақ уақыт орындалмау мәселесі талқыланды. Сот төрағасы барлық орындалмаған сот актілері бойынша қаулылар аумақтық органдарға жолданғандығы, осы уақытқа дейін бірнеше рет еске салу хаттарының жолданғанына қарамастан, орындалғандығы немесе орындауға мүмкіндігі жоқ белгісі қойылған атқару парақтарының сотқа қайтарылмағандығы айтылды.

Сонымен қатар, 2016 жылы салынған әкімшілік айыппұл сомасы 5 619 454 теңгені құраса, оның 2 173 749 теңгесі өз еркімен орындалған, бұл 38,7% құрайды.

Қорытындылай келе, сот актілерін орындау мәселелері мен оларды шешудің мүмкін жолдары талқыланды.

 

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының баспасөз қызметі