Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы «Жас Ұлан» мектебінің тәрбиеленушілеріне патриоттық шара өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған Семей қаласының Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мектеп-лицей-интернатының тәрибеленушілеріне арналған ашық есік күнін өткізді.

Отанды болашақ қорғаушылар сот төрағасының «Ұлы Отан соғысында Жеңіске жетудегі Қазақстанның қосқан үлесі», «Қазақстан – ортақ Отанымыз» тақырыбындағы оқыған дәрістерді аса қызығушылықпен тыңдады. Кездесу барысында сот төрағасымен Қазақстан Республикасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Заң үстемділігін қамтамасыз ету» бөлігін жүзеге асыру мақсатында Жоғарғы Сотпен жүргізіліп жатқан шаралар мен реформалар жайлы, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы айтылды.

Кездесу аясында ювеналды соттың ғимаратында экскурсия жүргізіліп, жас тәрбиеленушілер сот қызметімен танысып, оларға сот отырыстарының залдары, сот кеңсесі, балалар бөлмедері, татуласу бөлмесі, пресс-орталық және сот мұражайы көрсетілді.

Іс-шара соңында «Жас Ұлан» мектебінің ұстаздары мен тәрбиеленушілері өз әслерімен бөлісті.

 

ШҚО  №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі