Семей қаласының Ювеналды сотында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқылауға арналған жиын өткізді.

Сот төрағасы кеңес барысында Жолдауда қойылған бес басымдықтар туралы айтып, олардың жүзеге асуы экономиканың барлық салаларында өрлеудің жоғарғы шапшаңдығын қамтамасыз ететіндігін атап өтті. Қатысушылардың назарын Жолдауда белгіленген аса маңызды міндеттерге және оларды іске асыру жолдарына аударды. Сонымен қатар, Елбасы Жолдауының еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде маңызды болып табылатындығын назарға салды. Олар басты бағдарламалық құжатта таяу жылдарға арналған дамудың маңызды басымдылықтары белгіленгенін, алда үлкен жұмыс күтіп тұрғанын айта келе, Елбасы қойған барлық міндеттер сапалы және тиімді орындалатынына сенім білдірді.

Судья Р.Байжуманова «Судьялыққа үміткерлерді іріктеу талабын күшейту» тақырыбында баяндама оқыды. Өз баяндамасында судья лауазымына үміткерлерді іріктеудің біліктілік талаптары мен тетіктері күшейтілгендігін атап өтті: біліктілік емтиханын тапсыру рәсімі күшейтіліп, сонымен қатар, психологиялық тестілеудің рөлі артты.

Талқылауды қорытындылай келе, сот төрағасы мемлекетте жеке меншікті қорғауға, құқықтың үстемділігіне және барлығының заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалардың жүргізіліп жатқандығын жеткізді.   

 

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі