Семей қаласының ювеналды сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының ювеналды сотында 2017 жылдың 1 - жартыжылдығында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Сот төрағасы Р.Ақпар БАҚ өкілдерімен кездесуде 2017 жылдың 6 айында жалпы 364 іс қаралғанын, оның ішінде: 182 әкімшілік іс, 247 азаматтық және 16 тұлғаға қатысты 12 қылмыстық істің қаралғанын хабарлады. Былтырғы жылмен салыстырғанда сотқа қылмыстық істер саны 53 %- ға,  азаматтық істер бойынша талап арыздар 25 %-ға, ал әкімшілік істер 3 % - ға артқан.

Қаралған әкімшілік істердің ішінде: 176 тұлғаға қатысты айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, 6 іс құқық бұзушылықтың құрамы болмағандықтан қысқартылған.

Азаматтық істер бойынша: шешім шығару арқылы 127  іс қаралып, 62 іс қысқартылған, оның ішінде: дауды медиация тәртібімен реттеу туралы мәмілеге келу арқылы  40 іс аяқталған.

Аяқталған 12 істің ішінде 10 іс қысқартылған тәртіпте қаралған, бұл 83,3% құрайды, қалған 2 іс соттылығы бойынша жолданған, 7 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған.

Сот заң бұзушылыққа байланысты  мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға 32 жекеше қаулы шығарды.

Көрсетілген кезеңде ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьяларымен сот актілерінің жойылуы мен өзгертілуіне жол берілмеген.

Ювеналды соттың судьялары сонымен қатар кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықты реттейтін нормаларға, азаматтық істер бойынша қаралатын дауларға, сонымен қатар Жоғарғы Соттың жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша пилоттық жобаны орындау барысына кеңінен тоқталды.

Қатысушыларға медиацияны жүргізу міндетті болып табылатын даулардың санаттары түсіндірілді, олар: баланың тұрғылықты жерін анықтау, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау, баланы басқа адамдардан тартып алу туралы.

Аталған тақырыпқа байланысты сот төрағасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қойған сұрақтарына толық жауап берілді.

 

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі