Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға сот төрағасы А.Молдағожина, судьялар Р.Рахимова, Сыздыкова Ж.С., Абдигалымова А.С.,  прокурор көмекшісі К.Жүрсімбаев, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаментінің Семей қаласы бойынша филиалының  маманы У.Қуанышбав, Семей қаласы бойынша әкімшілік айыппұлдарды өндіру және сот үкімдерін орындау бойынша аумақтық бөлімінің басшысы А.Нұржакупова, және де жеке сот орындаушылары мен жергілікті полиция бөлімдерінің өкілдері  қатысты.

Дөңгелек үстелде сот төрағасы А.Молдағожина сөз сөйлеп, орындалмай жатқан сот актілеріне тоқталып, 2014-2016 жылдар аралығында орындалмай жатқан сот қаулыларына, әсіресе ұзақ уақыт аралығында мүлікті тәркілеу бойынша орындалмай жатқан сот қаулыларына тоқталды.

Шараға қатысушылар аталған бағыттағы сот актілерін орындау барысында  кездесетін қиындықтар мен туындайтын мәселелерді талқылады.

«Дөңгелек үстел» тақырыбы жан-жақты талқыланып, қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, қызықты форматта өткізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынымдар әзірледі.  

 

Семей қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі